Ә. Бөкейхановтың қызы тұңғыш майор әйел жайлы не білесіз?

0

Екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына да 76 жыл болды. Ал бұл уақыттың өзі сол соғыстың, сол заманның қаһармандарын толық айшықтай алды ма? Ерлік пен елдігін көрсеткен талай сарбаз, талай тағдырдың есімі әлі белгісіз, батырлығы әлі баянсыз қалғаны анық. Бүгін де тағы бір қазақ қахарманының есімін сіздерге танытсақ дейміз. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың қызы  Елизавета Әлиханқызы майданға ұлы Ескендірдің соңынан кетті. Ескендір қазаға ұшты. Ал анасы Солтүстік-Батыс майданында дәрігерлік қызмет атқарып, майор атағымен оралды. Иә, ол әскери медицина саласындағы тұңғыш майор әйел. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы деректер бойынша, соғысқа 7 мыңнан аса қыз-келіншек аттанған қазақ даласынан. Арасында сан түрлі мамандықтың иесі бар.  Ал олардың соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тағдыры қалай болды…

СҰЛТАНХАН АҚҚҰЛЫ- Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «АЛАШ» ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Азан шақырып қойған аты Зейнеп. Кейін Мәскеуде тұрып жатқанда  паспорт берген кезде атын Елизавета атап кеткен.

АЛАШТАНУШЫ СҰЛТАН ХАН АҚҚҰЛЫНЫҢ МҰРАҒАТЫНАН: Айналасындағылар Лиза деп атаған.  Елизавета Бөкейханова, Алаш орда көсемі Әлихан Бөкейхановтың қызы, Смағұл Садуақасовтың жары. 1903 жылы туған. Ал соғысқа  қалай аттанды тектінің тұяғы?

СҰЛТАНХАН АҚҚҰЛЫ- Л. Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «АЛАШ» ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Зейнеп әкесін, соғысқа бару арқылы ғана, өзін ғана емес, әкесін ғана емес, жалпы Бөкейхан әулетін ақтағысы келді.

АЛЕКСАНДРА ГОЛОВКИНА  — ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ КЕЛІНІ: Я не знала, я не знала, кто такие Бокейхановы. Мы это не знали. Но я, когда выходила замуж за Сырыма, мама пришла и сказала, такой парень, он мне так нравится. А соседка сказала, куда Ваша дочь лезет. Это такая позорная фамилия. Понимаете

Бұл Әлихан Бөкейхановтың немере інісі Сырым Бөкейхановтың жары. Биыл 80 жасқа келген. 1969 жылы құрылыс мамандығы бойыша Мәскеуге аспирантураға түсіп, Елизавета Әлиханқызының өмірінің соңғы сәттерінде жанында  болған.

АЛЕКСАНДРА ГОЛОВКИНА  — ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ КЕЛІНІ: Алматы  Александра Головкина — 5583// 0601 Я ее провожала в последний раз в больницу, она сидела на диване, сказала, дай ко мне ту папку и стала рвать. Я говорю, тетя Лиза, что Вы делаете? Ну отдайте мне.

АЛАШТАНУШЫ СҰЛТАН ХАН АҚҚҰЛЫНЫҢ МҰРАҒАТЫНАН: Әлихан Бөкейхановтың қилы тағдырынан кейін оның ұрпақтарына да оңай болмады.  Оның үстінде Елизаветаның Смағұл Садуақасовтан қалған жалғыз ұлы Ескендірде 16-ға толған кезінде жасын ұлғайтып көрсетіп, Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысады.

Бірақ хабар-ошарсыз кеткен. Жалғыз баланың соңынан анасы да майданға аттанады.

СҰЛТАНХАН АҚҚҰЛЫ  Л.Н. ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «АЛАШ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Елизавета Әлиханқызының ерлігі сол, өзі сұранып майданға барып, ол эшелон жылжымалы, темір жол арқылы майданның шебіне дейін барады емес пе?! Қанша рет әуеден бомбалаған. 0603 Лиза өзі жоғары білімді, әрі ғылыми дәрежесі болғандықтан бұған бірден офицер шенін берген.

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ -АЛАШТАНУШЫ, ҒАЛЫМ: Ол кісі екінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғылыми дәрежесін қорғаған адам. Мен жаңылыспаспын, осыған дейінде қорғаған қазақтың бірінші қызы болуы да ғажап емес.

Майданнан майор шенімен оралған қазақ қызы 1971 жылға дейін Мәскеуде ғылыми зерттеу институтында еңбек етті. Ғылым докторы санитария және гинекология саласы бойынша 7-8 кітап жазған. Бірақ соғыстан кейін туған елге оралмады.

АЛЕКСАНДРА ГОЛОВКИНА  — ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ КЕЛІНІ: Бір сол кезде жастығым болар, ойланбастан Лиза апай, сіз мықты мамансыз ғой.неге елге барып бізбен тұрмаймыз дедім. Ол кісі мені ол жаққа барсам, екі айдың ішінде түбіме жетеді деп күрсінді. Ол кезде мен түсінбедім. Мәскеуде жақта Садуақасовты көп білмейді ғой. Жұмысына мығым, текті, ерекше адам еді.

АЛАШТАНУШЫ СҰЛТАН ХАН АҚҚҰЛЫНЫҢ МҰРАҒАТЫНАН: Иә, Елизавета Әлиханқызы майданға аттанып,  партияға өтіп, кеңес идеясын қолдайтынын білдірді. Алайда халық жауының қызы деген  қара таңбадан арыла алмады.   Өйткені әкесі Әлихан Бөкейханов саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қайраткерлерінің арасынан ең соңғы, 1989 жылы ғана ақталды.