Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы қанды қылмыс: банктік карталар мен мал сату дерегі тексеріліп жатыр

Атыраудағы қанды қылмыс: банктік карталар мен мал сату дерегі тексеріліп жатыр
ашық дереккөзден

Атырау облысында қаза тапқан отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер марқұмдардың банктік карталары, жеке құжаттары және оларға тиесілі малдың сатылу жағдайлары бойынша қосымша деректерді тексеруде, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, анықталып жатқан бұл жайттар қылмыстық істің баптары мен құқықтық саралануына өзгеріс енгізуі мүмкін. «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, тергеу барысында қосымша эпизодтар мен жаңа айыптар пайда болуы ықтимал.

Индонезиядан күдіктілерді Қазақстанға тапсыру кезінде түсірілген видеода Сұлтан Сәрсемәлиевпен бірге бірнеше жеке құжаттар мен банктік карталардың берілгені көрінеді. Кадрларда Индонезия тарапы бес адамның жеке куәлігін тапсырған. Олар – Мақсот Қарабалин, Нәсіп Өтешқалиева, Наурыз Мұқанғалиев, Мейрамгүл Қарабалина және Сұлтан Сәрсемәлиевтің өзі.

Сондай-ақ бейнежазбада бірнеше банктік карта да байқалады. Олардың арасында төрт Kaspi Gold картасы және алдын ала мәлімет бойынша зейнетақы төлемдері түсіп отырған тағы төрт карта бар. Ақпаратқа сәйкес, ата-аналары еңбек өтілі бойынша зейнетақы алған, ал балалары мүгедектік бойынша жәрдемақы алып отырған.

Тергеу барысында мал сату оқиғасы да тексерілуде. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Наурыз Мұқанғалиев жоғалып кеткеннен кейін оның WhatsApp нөмірінен малдың бір бөлігін сату туралы хабарлама келген. Көршілердің бірі шамамен 1 миллион теңгеге мал сатып алып, ақшаны Kaspi Gold картасына аударған.

Дереккөздердің айтуынша, егер банктік карталарды заңсыз пайдалану фактілері дәлелденсе, бұл іс бойынша қосымша айып баптарының енгізілуіне негіз болуы мүмкін.

Сонымен қатар 10 наурыз күні тергеу соты күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты шешім шығарды. Полиция департаментінің өтінішімен ол 10 сәуірге дейін сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін психикалық денсаулық орталығына орналастырылды. Мамандар оның психикалық жағдайын анықтап, тергеу үшін қорытынды беруге тиіс.

Қазіргі уақытта Мұқанғалиеваның балалары облыстағы балалар мекемелерінде уақытша орналастырылған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ресми түрде ажырасқанына қарамастан бірге тұрғаны белгілі болды.

Тергеу аяқталғаннан кейін марқұмдардың туыстары жәбірленуші тарап ретінде материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қоюға құқылы. Қазір іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер