Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамптың мойнына не болды? Ақ үй дәрігері шұғыл түсініктеме берді

Трамптың мойнына не болды? Ақ үй дәрігері шұғыл түсініктеме берді
pbs.org

Ақ үйде өткен Құрмет медалін тапсыру рәсімі кезінде АҚШ президенті Дональд Трамптың мойнындағы қызарған дақтар көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz. 

NBC News басылымының мәліметінше, рәсім барысында сөйлеген сөзінде Трамп АҚШ қарулы күштері Иранға қарсы ауқымды әскери операцияларды жалғастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл шаралар Америкаға қауіп төндіріп отырған "қауіпті террористік режимнің" әрекеттерін тоқтатуға бағытталған.

"Біз Иранның ядролық бағдарламасын жойғаннан кейін, олардың оны басқа жерде қайта қалпына келтіруіне жол бергіміз келмейді", – деді Дональд Трамп.

АҚШ президенті Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы қарқынды дамып жатқанын айтып, оның Америкаға және шетелде орналасқан америкалық әскери базаларға қауіп төндіретінін атап өтті. Сондай-ақ ол Иран билігі соңғы 47 жыл бойы АҚШ-қа қарсы әрекеттер жасап келгенін айтты.

Трамптың айтуынша, АҚШ-тың негізгі мақсаттары мыналар:

  • Иранның зымыран әлеуетін әлсірету;
  • әскери-теңіз күштерін шектеу;
  • Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу;
  • террорлық ұйымдарды қаржыландыру мен қаруландырудың алдын алу.

"Біз келісімге келеміз деп ойладық, бірақ олар бас тартты. Кейін қайта оралды, бірақ тағы да шегінді. Сол кезде мен бұл адамдармен келіссөз жүргізу мүмкін емес екенін түсіндім", – деді ол.

Сонымен қатар АҚШ президенті шайқаста қаза тапқан төрт америкалық әскери қызметкердің отбасына көңіл айтты.

Айта кетейік, маусым айында 80 жасқа толатын Дональд Трамп АҚШ тарихындағы ең егде жаста сайланған президенттердің бірі саналады. Сондықтан оның денсаулығына қатысты мәселелер жиі талқыланып тұрады.

Осы жолы жұрттың назарын президенттің мойнындағы қызарған дақтар аударды. Дүйсенбі күні Ақ үйдің дәрігері бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, президент тері ауруларының алдын алу мақсатында арнайы крем қолданып жүр.

"Президент Трамп дәрігердің кеңесі бойынша мойнының оң жағына теріге арналған профилактикалық крем жағып жүр", – делінген Ақ үй дәрігері Шон Барбабелланың мәлімдемесінде.

Дәрігердің айтуынша, емдеу курсы шамамен бір аптаға созылады, ал қызару бірнеше апта ішінде толық жойылады деп күтілуде. Алайда қолданылып жатқан кремнің нақты түрі мен емнің қандай мақсатта жүргізіліп жатқаны нақты айтылған жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер