Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды

0

Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси испаниялық Marca басылымының нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды, ал туриндік «Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналду төртінші орынды қанағат тұтты.

Басылымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, екінші орынды «Алтын доп — 2018» иегері атанған «Реал» жартылай қорғаушысы Лука Модрич, ал үздік үштіктен мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн көрінді. 

2018 жылы жазда «Реалдан» «Ювентуске» ауысқан Роналду төртінші орында тұр. Үздік ондықта мынадай футболшылар бар: Килиан Мбаппе (шабуылшы, «Пари Сен-Жермен»), Мохамед Салах (шабуылшы, «Ливерпуль»), Эден Азар (жартылайқорғаушы, «Челси»), Рафаэль Варан (қорғаушы, «Реал»), Харри Кейн (шабуылшы, «Тоттенхэм»), Кевин де Брёйне (жартылайқорғаушы, «Манчестер Сити»). 


Дереккөз: https://massaget.kz/