Отандық қор Қазақстан оқушыларына ақша береді: Оны қалай алуға болады?

0

Қайырымдылық қоры алғаш рет Қазақстанда “Ozgeris powered by Halyk Fund” атты бизнес-инкубаторды іске қосты. Ол оқушылар мен колледж студенттеріне арналған. Жоба Atameken Academy платформасында жүзеге асады. Өз кезегінде жас өрендерге алғашқы бизнес идеясына жан бітіріп, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге көмектеседі, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бұл 2018 жылы ҚР ғылым және білім министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бірігіп ұйымдастырған «Кәсіпкерлік пен бизнес негізі» атты курсының жалғасы болмақ. Бүгінде Atameken Academy платформасында болашақ кәсіпкерлерге арналған 20 онлайн-курс бар. Оны 100 мың адам көріп үлгерген.

Ozgeris бизнес-инкубаторы Atameken Academy платформасында 23 қарашадан бастап іске қосылды. Бағдарламаның бірінші легіне Қазақстанның әр түкпірінен 200 өтінім келіп түсті. Келесі қабылдау 2021 жылдың ақпан айына жоспарланған.