«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жүрек тұсына пышақ ұрған”: Алматыда төбелестен қаза тапқан екі жасөспірімді жақындары ақтық сапарға шығарып салды

“Жүрек тұсына пышақ ұрған”: Алматыда төбелестен қаза тапқан екі жасөспірімді жақындары ақтық сапарға шығарып салды
Фото: КТК

Алматыда жаппай төбелес салдарынан қаза тапқан екі жасөспірім ақтық сапарға шығарылды. Марқұмдардың жақындары оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаза болғандардың бірі — 17 жастағы Дінмұхаммед Есенкелді. Ол болашақта тергеуші болуды армандап, заң факультетінде білім алып жүрген. Туыстарының айтуынша, жас жігіттің үлкен армандары болған, алайда қайғылы жағдай оның өмірін ерте қиған.

Марқұмның әкесі Натан Әбдірасылов ұлының мәйітін мәйітханадан өзі алып кеткенін айтып, оның жүрек тұсы мен иығында пышақ жарақаты болғанын жеткізді. Қаралы хабарды таңғы уақытта естіген отбасы бұл жағдайды ауыр қабылдаған.

Ал әпкесі Айдана Есенкелдіның сөзінше, оқиғаға дейін бір апта бұрын Дінмұхаммед өзін Әкежан есімді жігіттің бопсалап жүргенін айтқан. Оның айтуынша, күдікті қыс мезгілінен бастап одан апта сайын ақша талап етіп отырған. Жасөспірім бұл мәселені өзі шешкісі келіп, жақындарына айтпауды өтінген.

Туыстарының пікірінше, дәл осы жағдай кейін болған қақтығысқа тікелей себеп болуы мүмкін. Тергеу нұсқасына сәйкес, Дінмұхаммедке пышақ жарақатын салған да осы күдікті болуы ықтимал.

Әзірге төбелестің нақты неден басталғаны және қай жерде болғаны толық жарияланған жоқ. Оқиғаға қатысы бар делінген компьютерлік клуб уақытша жабық. Ал сол маңдағы тұрғындар мен дүкен қызметкерлері оқиға болғаннан кейін қан іздерін байқағандарын айтады.

Полиция бұл қылмысқа қатысты тергеу қатаң бақылауда екенін және кінәлілердің жауапкершіліктен құтылмайтынын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.