Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұмысқа бара жатқан аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Жұмысқа бара жатқан аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
kznews.kz коллажы

Атырау облысында болған жол апатынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Игали көз жұмды. Ол қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Атырау облысындағы тасжолдардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ішінде аудан әкімінің орынбасары болған қызметтік автокөлік жолда аударылып кеткен.

Көлікте Ерболат Игали мен жүргізуші болған. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші аман қалған.

Ерболат Игалидің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Атырау облысының әкімдігі растады.

"Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Игалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтамыз", – делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Марқұм 45 жаста болған. Келесі айда ол 46 жасқа толар еді. Оның артында бес баласы қалды.

Ерболат Игали еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастаған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер