Түйені түгімен жұтқандар: Салықтан жалтарудың жаһандық қасіреті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ісі сотқа жетті: оған қандай айып тағылған?

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ісі сотқа жетті: оған қандай айып тағылған?
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот іс сотқа жетті. Оған қандай айып тағылғаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Не болған?

"Сот кабинетіндегі" мәліметке сәйкес, шенеунікке Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр:

190-баптың 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша – "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам жасаған ірі мөлшердегі алаяқтық";

366-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша – "Лауазымды адамның ірі мөлшерде пара алуы".

Қазіргі уақытта Омар қамауда отыр. Сот процесі 19 наурызда ашық режимде, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен өтеді.

Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы не белгілі?

13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сол кезде өңір әкімдігі бұл туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ әкімдік "әкім орынбасары денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалыс алды" деп хабарлады.

Редакция тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысты, алайда ол қоңырауға жауап бермеді.

ҰҚК не деді?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.

ҰҚК сол кезде айыптау мәні мен тергеу Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады.

Айта кетерлігі, 11 ақпанда Жақсылық Омардың Instagram-дағы ресми парақшасында жазба пайда болды. Онда өңірдің былтырғы әлеуметтік саласының жұмыс қорытындысы шығарылып, 2026 жылға арналған жоспар талқыланған жұмыс кеңесі туралы хабарланған болатын.

Жалпы, шенеунік әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, оқырмандарын өз жұмысы туралы үнемі хабардар етіп отырды.

Жақсылық Омар 2018 жылдан 2024 жылға дейін Өскемен әкімі қызметін атқарған. 2024 жылдан 2025 жылғы 4 сәуірге дейін ШҚО әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2025 жылғы 7 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі