Жомарт Нұркеновтың автокөлігі жол жиегінде тұрған арнаулы техникаға соқтығысты
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов Петропавл – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты бейсенбі, 9 мамыр күні сағат 18:30-да Көкшетаудан үш километр жерде болған.
sputniknews.kz
"Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жүргізіп келе жатқан көлік жол жиегінде тұрған асфальттөсегішке соқтығысты. Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша 345-баптың 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.