Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне 33 жастағы Айнұр Шаймерденова тағайындалды. Бұл туралы Петропавл қалалық әкімдігіне сілтей kznews.kz хабарлайды.
Айнұр Қайратқызы 1992 жылғы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2014 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін, 2021 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Айнұр Шаймерденова Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кадр резервіне енгізілген.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде, сондай-ақ корпоративтік басқару және комплаенс бағыттарында түрлі қызметтер атқарған.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның корпоративтік хатшысы қызметін атқарған.
Енді Айнұр Шаймерденова Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары ретінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік саясат бағыттарына жауапты болады.