"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Фото:gov.kz

Желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Лауазымды тұлғаның ұсталғаны жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Сондай-ақ, интернетте тарап жатқан ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Ол денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысында болған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 ақпанда оның Instagram-дағы ресми парақшасында жұмыс кеңесінің өткендігі туралы жазба жарияланған. Онда өңірдің әлеуметтік саласының өткен жылғы жұмысы қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланғаны хабарланған.

Жалпы, Жақсылық Омар әлеуметтік желілерін белсенді жүргізіп, атқарған жұмыстары туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отырады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі