Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет жұмыс істей алатын адамдарды қамқорлығында ұстамауы керек - Бектенов

Мемлекет жұмыс істей алатын адамдарды қамқорлығында ұстамауы керек - Бектенов
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Олжас Бектенов алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын мәлімдеді. Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды.

«Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40%-дан астам болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз.

Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да»,- деді Олжас Бектенов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі