Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей көмек көрсетеді – Олжас Бектенов

Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей көмек көрсетеді – Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Үкімет басшысының айтуынша, фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіру қажет.

Сондай-ақ Премьер-министр энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақтылы және сапалы жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударды.

“Әділетті тарифтер оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет өз кезегінде, шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді, –  деді Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісу тапсырылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі