ҚТЖ басшысы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мемлекет игілігі үшін жұмыс істемейтіндер жұмыстан кетсін”: Бектенов ҚТЖ басшысына қатаң талап қойды

“Мемлекет игілігі үшін жұмыс істемейтіндер жұмыстан кетсін”: Бектенов ҚТЖ басшысына қатаң талап қойды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы жаңа басшының кәсіби тәжірибесіне тоқталып, оның теміржол саласын жақсы білетінін атап өтті. Ерсайын Нағаспаев бұған дейін де «Қазақстан темір жолы» компаниясында түрлі қызметтер атқарған. Ал 2025 жылдың ақпанынан бері Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарды.

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысын таныстырды. Компания басқармасының төрағасы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Олжас Бектенов жаңа басшылыққа компания жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру, транзиттік тасымал көлемін ұлғайту, теміржол инфрақұрылымын дамыту және компанияның экономикалық тиімділігін көтеру тапсырылды.

Сонымен қатар премьер-министр корпоративтік тәртіпті күшейтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүйелеу қажеттігін ескертті. Кадр саясатын ретке келтіріп, әр қызметкердің міндеті мен жауапкершілігін нақтылауды тапсырды.

«Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек. Қызметкерлердің басым бөлігі адал және жауапты адамдар екеніне сенімдімін. Үкіметтің, салалық министрліктің және “Самұрық-Қазына” қорының қолдауымен алға қойылған барлық міндетті жүзеге асыруға әлеуеттеріңіз жеткілікті. Босаңсуға уақыт жоқ, қарқынды жұмысқа дереу кірісу қажет», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жаңа басшылықты жұмысты созбалаңға салмай, белгіленген міндеттерді орындауға кірісуге шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.