Рейтинг қуу заманы артта қалды: Әкімдер мен министрлерді бағалаудың жаңа жүйесі несімен тиімді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әйелі бар кісі көңіл білдірді”: Дана Нұржігіт қарым-қатынасы туралы айтты

“Әйелі бар кісі көңіл білдірді”: Дана Нұржігіт қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: baq.kz

Тележүргізушінің айтуынша, ол «Хабар» арнасында жұмыс істеп жүрген кезде ер адамның ниетін аңғарған. Бірақ қарым-қатынастары ер адам бұрынғы отбасылық міндеттемелерінен босап, шешім қабылдағаннан кейін ғана басталған.

Тележүргізуші Дана Нұржігіт жеке өмірі мен отбасылық қарым-қатынасы туралы ашық айтып, кезінде отбасылы ер адамның өзіне көңіл білдіргенін еске алды. Алайда ол біреудің көңілдесі болудан үзілді-кесілді бас тартқан, деп хабарлайды kznews.kz.

«Мен бірден айттым: мен көңілдес болуға жарамаймын. Мен ондай қарым-қатынаста нюанс бар дегенді түсінбеймін. Ол мен үшін не ақ, не қара болу керек», – деді Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ ол ұлы Әлім кішкентай болған кезеңде де өз ұстанымынан айнымағанын айтты. Тележүргізуші ешкімге тәуелді болмай, баласын өз күшімен өсіруге дайын екенін жеткізген.

«Мүсәпір болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын. Мен ешкімге қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан мен өте намысты адаммын», – деп бөлісті ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.