Рейтинг қуу заманы артта қалды: Әкімдер мен министрлерді бағалаудың жаңа жүйесі несімен тиімді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Бадықованың экс-күйеуі жаңа сүйіктісін таныстырды

Дариға Бадықованың экс-күйеуі жаңа сүйіктісін таныстырды
Фото: ozgeris.info

Актер соңғы сұхбатына қатысты пікір білдіріп, жұрттың әртүрлі көзқарасына түсіністікпен қарайтынын жеткізді. Оның сөзінше, әр адамның өз шындығы мен пікірін айтуға, қателесуге құқығы бар.

Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі қандай жағдай болмасын түсіністік танытып, қолдау көрсететін адамның жанында болуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Сені қандай жағдай болса да түсінетін, әрдайым демеу болатын бір адамның бар екені қандай жақсы. Соңғы сұхбатқа байланысты, қалған адамдар не десе де, өз еркі. Мен ешкімді кінәламаймын. Әркімнің өз шындығы, өз пікірі бар. Әр адамның қателесуге де құқығы бар. Аман болайық!» – деп жазды актер.

Дархан Мұсаев жариялаған суреттер де желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Жазбаға пікір қалдырған оқырмандар актерге бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Кейбірі оның жеке өміріне қатысты болжамдарын да жасырмады.

«Бақытты болыңыз», «Жақсы жар жолықсын», «Әдемі қыз алатын сияқты», «Жаңалығы осы ма екен?» деген пікірлер жазылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.