KZNews.kz
Жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев қойшы бала туралы ел естімеген шындығын жайып салды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, көпшілікке танылған шәкірті – "қойшы бала" атанған жас талантпен қарым-қатынасы туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, соңғы бес айда екеуінің шығармашылық байланысы біраз үзіліп қалған. Дегенмен осы уақыт аралығында жас өнерпаз өз даму жолын жалғастырып, жаңа қырынан таныла бастаған.

"Қойшы баламмен бір ән жазылды, одан кейін бейнебаян түсіреміз дедік. Бірақ менің басымда жеке проблемалар көбейіп кетті. Бәрі енді реттеле бастады. Шығыс Қазақстан жаққа гастрольдік сапармен бара жатырмыз, өзіммен бірге қойшы баланы алып кетем деп отырмын. Екеуміздің байланыспай кеткенімізге 4-5 ай болған шығар. Сол уақыт аралығында ол бала дамыпты, байқауларға қатысып, жүлделі болыпты", – дейді әнші.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары