"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жігер Ауыпбаев жұбайына қатысты тараған қауесетке жауап берді

Жігер Ауыпбаев жұбайына қатысты тараған қауесетке жауап берді
ашық дереккөзден

Жақында өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде тараған қауесетке жауап берді. Өнер иесі жұбайының жүкті екені туралы әңгімелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әнші Instagram парақшасында Threads желісінде өздері туралы түрлі болжам тарап жатқанын жазған. Кейбір желі қолданушылары ерлі-зайыптылар "гендер пати жасап жатыр" деп жазып, "үйленгендері кеше ғана еді" деген пікір қалдырған.

Жігер Ауыпбаев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, көпшілікті алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды.

"Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге жетейік. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын", – деп жазды әнші.

Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленгенін жариялаған еді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың сәби күтіп жүргені туралы түрлі болжамдар тараған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер