«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жүздеген адам қатысқан "Халық құрылтайы" қалай өтті?

Жүздеген адам қатысқан "Халық құрылтайы" қалай өтті?

Маусымның 1-і күні Нұр-Сұлтанда таңертеңгі сағат 11.00 шамасында басталған "Халық құрылтайына" Павлодар, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Алматы және елдің өзге де қала, аймақтарынан келген жүздеген азамат қатысты. Әуел баста алдын ала ақшасы төленіп қойған қонақ үйдің күзетшілері жиналғандарға "орын жоқ" деп оларды кіргізбеуге тырысты. Бірақ бұған наразы болған жұрт жиналыс өтуі тиіс ғимаратқа басып кірді. Жиында Назарбаевтың билікті сақтап қалуы, сайлауға бойкот жариялау, жер, Қытайдағы қазақтар мен Қытаймен қарым-қатынас мәселелері айтылды. Қонақ үй әкімшілігі жиынның ғимаратта өтуіне қарсылық білдіріп, залдың жарығы мен интернетін өшірді. Азаттық оқиға орнынан түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.


Azattyq
Автор
Бауыржан