Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҚазҰУ-да өзіне жарақат салған студенттің жағдайы белгілі болды: Университет мәлімдеме жасады

ҚазҰУ-да өзіне жарақат салған студенттің жағдайы белгілі болды: Университет мәлімдеме жасады
Фото: zakon.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ҚазҰУ студентінің өзіне жарақат салғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаны растағанымен, оның нақты қай оқу орнында болғанын жарияламаған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өзіне жарақат салған студент қыз медициналық көмекті өзі шақырған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Бұл туралы университет әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Университет өкілдерінің мәліметінше, студент жедел жәрдем шақырып, медициналық көмекке жүгінген. Алайда дәрігерлік құпияға байланысты аурухана оқу орнына оның денсаулығына қатысты толық мәлімет бермеген. Қазіргі уақытта университет әкімшілігі қыздың ата-анасымен байланыста. Олардың айтуынша, студенттің жағдайы тұрақты.

Бұл қараша айында ҚазҰУ студенттеріне қатысты тіркелген алғашқы қайғылы жағдай емес. Осы айда университеттің екі студенті қайтыс болған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.