Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұлдызай Дүйсенбиева сұхбат барысында ағыл-тегіл жылады

Жұлдызай Дүйсенбиева сұхбат барысында ағыл-тегіл жылады
Коллаж: Ozgeris.info

Журналистің айтуынша, ол әрбір қонағымен әңгімелескенде тек шығармашылығына ғана емес, ішкі жан дүниесіне де үңілуге тырысады. Кейде сұхбат барысында күтпеген эмоциялық сәттер туып, қонақтар өткен өмірін еске алып, толқып жатады.

Әзіл әлеміндегі жарқын образдарымен танылған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева сұхбат барысында эмоциясын тежей алмай, көзіне жас алды. Радио эфирінде болған әсерлі сәттің видеосын журналист Гүлмира Нәлібай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда бұл жолы әзіл-қалжыңымен танылған Жұлдызай Дүйсенбиеваның көзіне жас алатынын журналистің өзі де күтпеген.

«Эфирге келген қонағымның жан дүниесіне терең үңілгім келеді. Сұхбат барысында толқытатын да, көзіне жас алатын да сәттер болады. Бірақ әзіл әлемінің ханшайымы Жұлдызай Дүйсенбаеваны жылатамын деп ойламаппын», – деп жазды Гүлмира Нәлібай.

Жарияланған видео көрермендердің назарын аударды. Көпшілік әзілкештің сахна сыртындағы болмысы мен сұхбат кезінде қандай тақырыпқа толқығанына қызығушылық танытуы мүмкін. Дегенмен журналист жазбасында актрисаның нақты қандай әңгімеге байланысты көзіне жас алғаны айтылмаған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.