Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҚазҰУ жатақханасындағы қайғылы оқиғадан кейін министрлік ауқымды тексеріс жүргізбек

ҚазҰУ жатақханасындағы қайғылы оқиғадан кейін министрлік ауқымды тексеріс жүргізбек
Фото: Ulysmedia

Министрлік өкілдері тексеру кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты талаптардың сақталуын, тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуын және әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесінің тиімділігін зерделейді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын тексеру үшін арнайы мониторингтік топ жасақтайды. Топ оқу орнындағы қауіпсіздік талаптарының орындалуына және студенттермен жүргізілетін жұмыстардың сапасына баға береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұдан бөлек, студенттер арасындағы жанжалдардың алдын алу, олардың арыз-өтініштерін дер кезінде қарау және психологиялық көмек көрсету тетіктеріне басымдық беріледі.

Мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша студенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар әзірленбек.

Айта кетейік, 16 қарашада ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде білім алған бірінші курс студенті қайтыс болған еді. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.