Өткен жылы әлеуметтік желідегі парақшасына белгісіз қызбен құшақтасқан суретін жүктеп, артынша өшіріп үлгерген Жұбаныш Жексенұлы екі әйелімен бірге тұратынын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің видеосы by_production парақшасында жарияланған.
Видеодан әншінің "Бірінші әйеліммен де, екінші әйеліммен де тұрам", - дегенін аңғаруға болады.Естеріңізге сала кетейік, Жұбаныш Жексенұлы көпшілікке "Нурикамал", "Ауылым" әндерімен кеңінен танылған.
Әнші 2018 жылдың жазында желіге белгісіз бойжеткенмен құшақтасқан сурет салды. Сондай-ақ өзін сұрақтың астына алған оқырмандарына жұбайы Динамен ажырасып кеткенін мәлім етті.
Өткен жылы отандық әншінің Әбілқайыр есімді ұлы итальян қызымен шаңырақ көтерді.