ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жириновскийдің жағдайы мүшкіл

Жириновскийдің жағдайы мүшкіл
Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының төрағасы, әйгілі шовинист Владимир Жириновский короновирус жұқтырып алып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

ТАСС-тың хабарлауынша, 75 жастағы Жириновскийді жедел жәрдеммен Мәскеудің орталық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізген. Кейбір деректерге қарағанда, оның өкпесінің 75 пайызы қабынған.

«Владимир Вольфович қазір ауруханада. Жағдайы ауыр. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Оның Орталық клиникалық ауруханада жатқанына екі күн болды», – депті ақпарат көзі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жириновскийдің ауруханаға түскені, тіпті оның о дүниеге аттанып кеткені туралы деректер тараған. Ал либерал-демократтардың айтуынша, ол қазір ауруханада мүшкіл халде жатқанына қарамастан, жұмыс істеп жатқан көрінеді...
Автор
Еркебұлан