KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жаттығусыз арықтаудың жолы қайсы – маман жауабы

Айбар

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Диетологтар спортпен айналыспай-ақ арықтаудың жолын айтты. Аптасына үш күн бір тәулікке арналған калория мөлшерінің 25 процентін ғана жеу керек

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Мамандар арықтағысы келетін, бірақ түрлі себеппен спортпен шұғылдана алмайтын адамдарға кеңес берді.  

Food News порталы сарапшыларының айтуынша, артық салмақтан арылу үшін ас рационына ақуызға бай азық-түлікті қосу керек. Ет, құс еті, балық, үрмебұршақ, тофу, асбұршақ, ноқат, жаңғақ, чиа тұқымдары, асқабақ шекілдеуігі және тұздалмаған жержаңғақ солардың қатарында.

Жаттығусыз арықтаудың тағы бір тәсілі - тамақтану уақытын қатаң ұстану. Яғни диетологтар әрдайым бір уақытта тамақтанудың маңызды екенін ескертеді.

Тағы оқыңыз: Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты

Мәселен, аптасына үш күн бір тәулікке арналған калория мөлшерінің 25 процентін ғана жеу керек. Ал қалған күндері күнделікті режимде тамақтануға болады. Алайда мөлшерден тыс жеуге болмайды.


sputniknews.kz
Айбар
Автордың басқа материалдары