Ол Айман Талғатқызының өзін Абайдың анасы Ұлжанмен салыстырғанына ашуланып, мұндай теңеуді орынсыз деп санаған.
Актер Мейірғат Амангелдінің жұбайы Арайлым Амангелді әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызының сөзіне наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
«Абай да Құнанбайдың екінші әйелінен туылды ғой деп өзін Ұлжанға теңеп отырған шығар… “Абай жолын” оқып, Ұлжан бейнесімен тереңінен таныссын. Ол 17 жасында әйелі тірі, бала-шағасы бар еркекке етегін ашпаған!» – деп жазды Арайлым.
Сондай-ақ ол Айман Талғатқызының «неке куәлігі бір жапырақ қағаз, Алла алдында ақпыз» деген пікіріне де қарсы шықты.
«Адамның ақ некесін, одан туылған балалар, ол өткен жол бәрін жоққа шығарып, менімен ақ некеге отырған, бір жапырақ үкіметтің қағазы, деу... Біз неге үнсіз болуымыз керек? Ол әйелді барлық желіден жоқ қылу керек. Соған ішім ашып тұр», – деді актердің жары.
Алайда кейін Арайлым Амангелді бұл жазбаларын әлеуметтік желідегі парақшасынан өшіріп тастаған.