«Самұрық-Қазына» қорында тағы бір басшы ҰҚК тергеуіне ілікті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Келініммен араласпаймын”: Ақбота Керімбекова үлкен отбасылық құпияның бетін ашты

«Келініммен араласпаймын”: Ақбота Керімбекова үлкен отбасылық құпияның бетін ашты
Фото: ашық дереккөз

Өнер иесінің сөзінше, келіні жеке шаңырақ болып, бөлек тұруды қалаған. Алайда ұлы анасының жанында өскендіктен, үйден кетуге келіспеген.

Әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының отбасылық өмірі не себепті бұзылғанын айтып, бұрынғы келінімен арадағы қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәселе ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілікке ұласып, ақыры ажырасуға себеп болған.

«Келін бөлек тұрғысы келді, бала бармаймын деді. Бәрі содан басталды. Бөлек шықсаңдар шығыңдар, ажыраспаңдар деп те айттық. Біз біраз тырыстық. Өздерінің таңдауы солай болды. Екі жаққа кетті, өз өмірлерін сүріп жатыр», – деді әнші.

Ақбота Керімбекова қазіргі уақытта бұрынғы келінімен араласпайтынын да айтты. Сонымен қатар ол ажырасқан жағдайда балалардың әкесімен, ата-әжесімен араласуына кедергі келтірмеу керектігін айтып, жастарға үндеу жасады.

«Қазір келініммен араласпаймын, араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса баланы алып қашады? Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпасаңдаршы дегім келеді», – деп қынжылды өнер иесі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.