Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жанқош Тұраров ақталып жатыр

Жанқош Тұраров ақталып жатыр

Боксшы Жанқош Тұраров Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде соққы алған сот орындаушысына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанқоштың айтуынша, ол әпкесінің өтінішін орындап, баланы балабақшадан алып келуге барған.

"Жағдай былай болды. Әпкем "үйде бір жағдай болып жатыр, баланы балабақшадан сен алып келші", - деп өтінді. Сосын үйіне бардым. Барсам үйінің қақпасын бұзып жатыр екен. Мен бұзып жатқандардан, "күн суық, көшеде қалдырайын деп тұрсыңдар ма, үйді неге бұзып жатырсыңдар? Жағдайды түсініп алсаңдаршы", - дедім. У-шу, әпкем жылап жатыр. Өткендегі бес адам қайтыс болған жағдайды білесіздер, сондай жағдай болмасын деп "жігіттер, қойыңдар! Мәселе ушығып кетпесін", - дедім".

Оның айтуынша, "арызды қайтар" деген әңгіме болған жоқ, ол - өтірік. Сондай-ақ, үй иесі - Жанқош Тұраровтың әпкесі.

"Үй иесі - туысқан әпкем. Қарсы шағымым жоқ. "Арызды қайтарыңдар" деген әңгіме айтылған жоқ.  Бұзып жатқан жігіттерге бар айтқаным "мына жерді босатыңдар" деген сөз болды. Олар бәрін бұзып тастаған. Бірақ қорқытып-үркіткен жоқпын", - деді Жанқош Тұраров.

Нысанды бұзу тоқтатылып, отбасын үйден шығармаған. Үйге қатысты мәселе көршілердің арасында болған дау-дамайдан пайда болған.

Автор
Данияр