Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді: Оның қарсыласы кім

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді: Оның қарсыласы кім
фото: ашық дереккөз

Екі боксшының командасы 7 қазанға дейін жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгенін WBO-ға ресми түрде хабарлады. Сондықтан жеңімпазды анықтау үшін промоутерлік сауда өткізілмейді.

WBO президенті Густаво Оливьери қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен дат боксшысы Якоб Банк (20-0, 11 КО) арасында жекпе-жек өтетінін растады. Екі боксшы да кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген, деп хабарлайды kznews.kz

WBO басшысы екі тараптың жекпе-жек шарттарын белгілеп, қажет құжаттарды ұйымға жолдағанын мәлімдеді. Ал кездесудің нақты өтетін күні мен орны кейінірек жарияланады.

Жәнібек Әлімханұлы да Оливьери жариялаған ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

The Ring басылымының мәліметінше, жекпе-жек 2026 жылдың желтоқсанында Якоб Банктың отаны Данияда өтуі мүмкін.

Чемпиондық белбеу неге бос қалды?

WBO-ның бұрынғы чемпионы, британдық Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен міндетті жекпе-жек өткізуден бас тартып, чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартқан.

Осыдан кейін WBO ұйымы бос қалған титул үшін рейтингіде бірінші тұрған Жәнібек Әлімханұлы мен үшінші сатыдағы Якоб Банкты жұптастырды.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған. Енді қазақстандық боксшы 76,2 келіге дейінгі екінші орта салмақта әлем чемпионы атану арқылы екі салмақта чемпион болуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингінде Канелоны басып озғаны туралы жазған едік. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.