"Самұрық-Қазынаның" тағы бір лауазымды қызметкері ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді

Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
Фото: ашық дереккөз

51 жастағы әйел дәрігерлердің көмегімен ЭКО жасатып, қыз баланы дүниеге әкелді

Маңғыстау облысында өткен жылы үш баласы иіс тиіп көз жұмған 51 жастағы Күмісай Палекеева қайтадан ана атанды, деп хабарлайды kznews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Перинаталдық орталықтың мәліметінше, нәрестенің салмағы 3400 грамм, бойы 52 сантиметр. Әйелге кесарь тілігі жасалған. Жүктілік еш асқынусыз өткен. Қазір ана мен сәби өздерін жақсы сезінеді.

Қыз балаға Ария есімі берілді. Бұл есімді әкесі таңдаған. Күмісайдың айтуынша, ол 51 жасында бала көтеріп, босана аламын деп ойламаған. Дегенмен дәрігерлер мен жақындарының қолдауымен экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасынан өтуге бел буған.

Әйелдің айтуынша, ол өміріне жаңа тірек пен бос қалған шаңырағына үміт сыйлау үшін ЭКО жасатуға шешім қабылдаған. Бастан өткен қайғылы оқиғадан кейін клиника сыйға тартқан сертификаттың арқасында ерлі-зайыпты процедурадан тегін өткен. Биыл қыркүйек айында отбасы 13 жастағы баланы да асырап алған.

Еске салайық, қайғылы оқиға бір жыл бұрын Мұнайлы ауданына қарасты «Қаламқас» тұрғын алабында болған. Иіс газынан уланып, ерлі-зайыптының үш баласы көз жұмды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.