"Самұрық-Қазынаның" тағы бір лауазымды қызметкері ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қабір басын да контентке айналдыратын болған ба?”: Анасының мазарына барған Майғазиев сынға қалды

“Қабір басын да контентке айналдыратын болған ба?”: Анасының мазарына барған Майғазиев сынға қалды
Фото: видеодан скриншот

Жарияланым желі қолданушылары арасында пікірталас тудырды. Бірі әншінің қайғысына ортақтасып, анасының жатқан жері жайлы болуын тілесе, енді бірі зират басындағы сәттерді әлеуметтік желіге жариялауды құптамады.

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев анасының қайтыс болғанына 40 күн толуына орай зират басына барып, марқұмды еске алды. Өнер иесі сол сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Анашымсыз өткен қырық күн», – деп жазған әнші бейнежазбаға Үкітай Ерниязовтың «Анасы жоқ адамдар» әнін қосқан.

«Анаңыздың жаны жәннатта болсын», «Ананың орны бөлек қой», «Бірден үлкейіп кетті, анасы барда жас еді» деген пікірлер жазылды.

Сонымен қатар кейбір қолданушылар «Мазар басынан видео салу қаншалықты дұрыс?», «Қаншама аруақтар жатыр, бұлай түсіру дұрыс емес», «Қабір басын да контентке айналдыратын заманға жеттік» деп сын айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.