KZNews.kz
Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жеңе алатынын айтты

KZNEWS

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль Альваресті жеңе алатынын айтты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлімханұлының командасы Instagram-да Геннадий Головкин мен Альварес жекпе-жегінің трибунасынан видео жариялады. Онда Әлімханұлы Канело туралы пікір білдірген.

"Жақсы жекпе-жек. Канело бабында. Жеңіл болады, негізі. Бір раундта үш рет құлатуға болады", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске салайық, бұған дейін Головкин төрешілер шешімімен Канелодан жеңіліп қалғанын жазған едік.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары