Жарнамалық роликте футболшы көшеде өтіп бара жатқан адамдарға құлаққап таратып, акцияның басты жүлдесі – «алтын билетті» таныстырған. Оны иеленген адам Чемпиондар лигасының екі билеті мен Ямальдың қолтаңбасы қойылған бутсыға ие болады.
«Барселона» клубының шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасындағы матчқа билет ұтысын жарнамалау кезінде Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жеңімпазды қай ойынға жіберетіні сұралғанда, 19 жастағы футболшы: «Егер таңдау өзіме байланысты болса, оларға Қазақстандағы матчқа билет беріп, сол жаққа жіберер едім. Қазақстандағы ойынға барсын», – деп жауап берген.
Алайда видеода кейін Ямальдың Қазақстанды емес, Әзербайжанды меңзегені нақтыланған. Себебі «Сабах» пен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының кездесуі 25 қарашада Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді деп жоспарланған.