Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос-Анжелесте (АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды деп хабарлайды қазақстандық vesti.kz сайты.

Сайттың жазуынша, екі боксшы арасындағы жекпе-жек он раундқа созылған. Әлімханұлы мен Олливас соңына дейін бокстасқан. Төрешілер ұпай санын есептеп, жеңісті Әлімханұлына берген.

Әлімханұлы әуесқой бокста жүргенде 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарына қатысты. 2016 жылы Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал 2018 жылдың маусымда АҚШ-тағы Top Ring проумоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан.

Оқи отырыңыз: Атақ пен ақша. Қазақ боксшылары неге кәсіпқой боксты таңдайды?

Azattyq
Автор
Арман