396 млн теңге пара, 12 жыл жаза: экс-әкім Кәрім Көкірекбаев түрмеде қалатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“28 жасымда өз қаражатыма салдым”: Азамат Сатыбалды төрт қабатты зәулім үйін көрсетті

“28 жасымда өз қаражатыма салдым”: Азамат Сатыбалды төрт қабатты зәулім үйін көрсетті
Фото: tiek.kz

Актердің сөзінше, үй құрылысы кезінде тәжірибесі аз болғандықтан, бастапқыда жоспарлағаннан да көп қабат салуға шешім қабылдаған. Қазір баспананың жалпы аумағы 580 шаршы метрді құрайды.

Танымал актер Азамат Сатыбалды әріптесі Еркебұлан Тоқтарды үйіне шақырып, төрт қабатты баспанасын көрсетті. Өнер иесі зәулім үйді 28 жасында өз қаражатымен салғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бұл үйді 28 жасымда өзім салдым. 30 жасымда көшіп кірдім. Содан бері осында тұрамын, ештеңесін өзгертпедім. Ол кезде тәжірибеміз жоқ, қызығып, қабаттарын көбейте бергенбіз. Сөйтіп, төрт қабатты үй болып шықты. Жалпы аумағы – 580 шаршы метр», – деді Азамат Сатыбалды.

Еркебұлан Тоқтармен бірге түсірілген үй шолуы әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын оятты. Көрермендер актердің баспанасына тәнті болып қана қоймай, оның өмірге деген көзқарасы мен отбасы туралы айтқан әңгімелеріне де жылы пікір білдірді.

«Өзгертпеңіз, үйіңіз керемет», «Бұл кісіні жеткілікті бағаламаппын. Білімді, еңбекқор азамат екен», «Папа-мамамның киімін иіскеймін дегенде көзімнен жас бұрқ ете қалды», «Басқа қырынан таныдым», «Міне, көруге тұрарлық үй» деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.