Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын «қазақша стильмен» сұлатты

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын «қазақша стильмен» сұлатты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңді, - деп жазады Kznews.kz Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз германиялық Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO және IBF белбеулерін иеленді. 12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын 6-раунда аяқталды.  АҚШ-тың Розенберг қаласында өткен бокс кешінде 30 жастағы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы раундтарда айқын басымдық танытып, қарсыласын дәл соққылармен есеңгіретті. Ал 6-раундта Гуальтери қарсылық таныта алмады, сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.

“Бұл – біздің бокс, бұл – “Қазақша стиль”. Осындай стильді тарихта қалдырғымыз келеді”, – деді Әлімханұлы кездесу соңында.

 Еске салайық, бұл – Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы 15-жеңісі. Сондай-ақ еліміздің бокс тарихындағы қос белбеуді біріктіруге арналған кездесуде жеңіске жеткен екінші боксшы. Бұған дейін тек Геннадий Головкин екі рет белбеу біріктірген еді.

Фото: nege.kz
Автор
Айбар