Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында өзінен кіші оқушыны ұрып өлтірген жасөспірімдерге үкім шықты: Біреуі бас бостандығынан айырылмады

Жамбыл облысында өзінен кіші оқушыны ұрып өлтірген жасөспірімдерге үкім шықты: Біреуі бас бостандығынан айырылмады

Жамбыл облысында Байзақ ауданы Құмжота ауылында мектеп оқушысы Мирас Мәліктің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Kznews.kkz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл көктемде 9-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларын даладағы әжетханаға шақырып, ақша бопсалап, ұрып-соққан. Салдарынан 8 оқитын Мирастың жүрек аортасы жарылып кеткен.

Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық отырыста қаралды.

Үш оқушы сотқа тартылды. Олар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қылмыс жасауға итермелеу фактілері бойынша сотталды.

Екі жасөспірімге 6 жыл 8 ай жазасы берілсе, ал біреуі бір жылға шартты сотталды.

Марқұм баланың жақындары үкімді жеңіл деп санап, аппеляцияға бермек.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғары сынып баласының соққысынан көз жұмғанын жазған едік. Көз жұмған баланың жақындары жағдай туралы айтып берген.

Автор
Айбар

Журналист