Қадағалау органының мәліметінше, жауапты тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде заңнама талаптарын өрескел бұзған. Атап айтқанда, тендер міндетті түрде болуы тиіс құжаттарсыз — жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз және тиісті экономикалық негіздемесіз жарияланған.
Ақмола облысының Астрахан ауданында жол жөндеуге бөлінген 1,6 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Заңбұзушылықты аудандық прокуратура жүргізген тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
«Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде жалпы сомасы 1,6 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу рәсімі толығымен тоқтатылды. Дер кезінде қабылданған шаралар негізсіз шығындарды болдырмауға және мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік берді», — делінген Астрахан ауданы прокуратурасының ресми хабарламасында.
Қазіргі таңда заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылып жатыр.