Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аман балаларына жеке пәтер алып беру туралы экс-күйеуінің уәдесі әзірге орындалмағанын айтты. Оның сөзінше, балаларымен бірге әлі де бұрынғы баспанасында тұрып жатыр. Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Аймира бұрынғы күйеуінің уәдесін орындауын күтіп жүргенін айтып, актердің балаларын қолдауға атсалысатынына үміт білдірді.
«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді Аймира Аман.
Айта кетейік, бұған дейін Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші отбасымен арадағы мәселелердің реттелгенін айтып, балалары алдындағы әкелік міндетін атқарып жүргенін мәлімдеген еді.