Қоғам

Жер сілкінісі: Алматы әкімдігі барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істегенін мәлімдеді

Жер сілкінісі: Алматы әкімдігі барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істегенін мәлімдеді

Үрей тудырған жағдайлар байқалған жоқ.

Алматы әкімдігі жер сілкінісінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауға үндеді, деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

— Барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындардың телефондарына Mass Alert жүйесі арқылы хабарламалар жіберілді, қала бойынша дауыс зорайтқыш арқылы ескерту сиреналары қосылды, — делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті. Алгоритмге сәйкес, адамдар ғимараттардан сыртқа шықты. 

Еске салайық, Алматыда бүгін, 4 желтоқсанда жер сілкінді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz