Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Затобольск елдімекенінің атауы Тобыл деп өзгеріп, қала статусын алды

Затобольск елдімекенінің атауы Тобыл деп өзгеріп, қала статусын алды

Қостанай облысындағы Затобольск елдімекенінің атауы Тобыл деп өзгеріп, аудандық маңызы бар қала болды. Қаулыға 2 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобольск кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобольск кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын" деп жазылған Ақорда сайтындағы қаулыда.

Затобольск кенті Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдімекен атын өзгертуді және аудандық маңызы бар қала қатарына қосуды 2018 жылы жергілікті бастамшыл топ ұсынған.

Ресми дерекке сай, 2019 жылы елдімекенде 24 мыңнан астам адам тұрады.


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан