Ақтауда алғаш рет республикалық қаламгерлер форумы өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау облысында есірткі зертханасы әшкереленді

Маңғыстау облысында есірткі зертханасы әшкереленді
Фото: ашық дереккөз

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде арнайы жабдықталған орыннан 44 түп марихуана өсімдігі табылған

Маңғыстау облысында құқық қорғау органдары есірткі заттарын заңсыз өсірумен айналысқан жасырын зертхананың қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шаралары өңірлік прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды kznews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, арнайы операция биыл қазан айында жүргізілген. Нәтижесінде есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіріп, сақтаумен айналысқан күдікті ұсталды.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде арнайы жабдықталған орыннан 44 түп марихуана өсімдігі табылған. Сонымен қатар өсімдіктерді өсіруге арналған шамдар, таймерлер және өзге де арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді.

Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, күдікті тыйым салынған өнімді кейіннен сатуды көздеген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен, яғни құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.