KZNEWS.KZ
Спорт

Зарина Дияс Гвадалахардағы WTA турнирінен шығып қалды

• Санжар

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гвадалахардағы WTA турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz  сайты.

Дияс неміс теннисшісі Татьяна Марияға қарсы ойнап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңілген болатын.

Алайда, екінші сетте есеп 4:4 болған сәтте, қазақстандық теннисші ойынды жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, неміс теннисшісі келесі кезеңге өтті.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →