Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Келес ауданында блогер миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Келес ауданында блогер миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында емхана басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бопсалау дерегінің жолын кесті.

Полиция мәліметінше, Келес ауданында 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Ол өзін блогер әрі қоғам белсендісі ретінде таныстырып, медициналық мекеме басшысынан әлеуметтік желілерде беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратпау үшін 1 миллион теңге талап еткен.

Күдікті – жұмыссыз азамат. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.