Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Закирова журналистердің сотты түсіруіне тыйым салған судьяға қарсы шағым берді

Закирова журналистердің сотты түсіруіне тыйым салған судьяға қарсы шағым берді

Бүгін, 1 тамызда Нұр-Сұлтан қалалық сотында белсенді Санавар Закированың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысында шағым иесі істі өзге судьяның қарауын сұрап өтініш берді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сот отырысы басталған кезде Закирова судьядан журналистерге сот отырысын фото және видеоға түсіруге, бақылаушы ретінде қатысуға келген өзге де белсенділерге әлеуметтік желіде сот залынан тікелей эфир жасауға рұқсат сұрады. Судья Әсет Райымбаев "процесс видеотаспаға жазылатынын" айтып, өзгелерге фото мен видео түсіруге рұқсат бермеді.

Мұнан соң белсенді өзінің ісін өзге судьяның қарауын сұрап, өтініш түсірді. Оның өтінішін қарайтын сот төрағаның бос болмауы себепті сот отырысы қашан жалғасатыны әзірге белгісіз. Закирова "сот кейін хабар беретінін айтты" дейді.

10 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді Санавар Закированы бес тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарған. Алматылық белсендіге "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (Әкімшілік кодекстің 488-бабы) деген айып тағылған.

Сот қаулысында 51 жастағы Санавар Закирова 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында сот шешіміне наразы бір топ азаматпен бірге "рұқсат етілмеген митингіге қатысып, өзге азаматтарды да оған қатысуға шақырды" делінген.


Azattyq
Автор
Бауыржан