Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Владимир Путин коронавирус жұқтырды

Владимир Путин коронавирус жұқтырды

Ресей президенті Владимир Путин айналасындағылардың коронавирусқа шалдығуына байланысты оқшаулау режиміне көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Азаттыққа сілтеме жасап.

Кремль сайтындағы мәліметке қарағанда, Путин бұл жөнінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен кезде хабарлаған.

Ресей президенті 15 қыркүйекте Душанбеде өтетін ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммитіне бармайды, ол оған қашықтан қатысады.

Путин өзінің карантинге кетуі мүмкін екенін жақында паралимпиада спортшыларымен кездесу кезінде айтқан.

"Тіпті менің айналамдағылар арасында ковидпен мәселе туындап жатыр. Шын мәнінде не болып жатқанын анықтау керек... Менің ойымша, жуырда өзімнің де карантинге кетуіме тура келеді. Бізде айналада көп адам ауырып жатыр" деді ол.

Бұған қатысты түсініктеме берген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин "бейнелеп айтты" деп мәлімдеген.

Автор
Данияр