Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Вьетнамда ұсталған Қайсар Қамза: елге қайтару процесі қашан аяқталады?

Вьетнамда ұсталған Қайсар Қамза: елге қайтару процесі қашан аяқталады?
ашық дереккөзден

Вьетнамда ұсталған қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға қатысты іс әлі қаралу үстінде, деп хабарлайды kznews.kz.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында блогерді елге қайтару процесі әзірге аяқталмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдымен Вьетнам сотының шешімі шығуы тиіс.

"Қазіргі таңда іс қаралып жатыр. Кез келген азаматымызды екіжақты келісімдер негізінде елге қайтаруға болады, бірақ ол үшін сот шешімі қажет", – деді ол.

Сондай-ақ, Бақаевтың сөзінше, Қайсар Қамза Интерпол желісі арқылы іздестіріліп, екі елдің құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде ұсталған. Тергеу аяқталғаннан кейін ғана оның әрі қарайғы тағдыры белгілі болады.

Журналистер блогердің қанша мерзімге сотталуы мүмкін екенін сұрағанымен, вице-министр бұл сұраққа жауап беру құзыреті Сыртқы істер министрлігіне жатпайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай мәселелерді тергеу және сот органдары шешеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер