Шоу-бизнес

"Қайсар Қамза мен трансгендер Никонет те бар": Құмар ойынды жарнамалаған 34 блогердің есімі белгілі болды

"Қайсар Қамза мен трансгендер Никонет те бар": Құмар ойынды жарнамалаған 34 блогердің есімі белгілі болды

Қаржы мониторинг агенттігі казино жарнамалапы, табыс тапқан 34 блогердің тізімін жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогерлердің көшін Қайсар Қамза, Наиль Тұрғанов және трансгендер Никонет те бар. Олар казино жарнамасынан қыруар ақша тауып отырған. 

"Олардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 23 контент жасаушының материалы Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданды. Көпшілігі заңды бір рет емес, үнемі бұзады. Мәселен, хип-хоп орындаушы "Baller" (шын аты – Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері аталған бап бойынша бес рет жауапқа тартылған. 600 мыңнан астам жазылушысы бар музыкант-блогер Ринат Шамшыраққа қатысты да онлайн-казино жарнамалағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сонымен қатар блогер "Niko_nett" пен инфлюенсер Қайсар Қамза да ерекше назарда. Соңғысы өзінің телеграм-арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялап келеді", – деп хабарлайды қаржы агенттігі.

Сондай-ақ ресми агенттік блогерлердің жарнама үшін қанша табысқа кенелгенін де жасырмады.

Трансгендер Наиль Тұрғанов 8 млн теңге, Нұрғазы Тоқтаров ("Nakonay Qarapaiym") 15,8 млн теңге пайда тапқан. Тоқтаров осы ақшасының жартысын өзі жарнамалаған казиноға ұтылып та үлгерген. 

"Құмар ойынды жарнамалау кезінде қыздар да белсенді. Атап айтсақ, Мариям Құлжабаева ("@oomariko") интернет-казинода тіркелуге шақырған қарапайым стористерін небәрі 350 мың теңгеге бағалаған. Ал оның құрбаны болған отбасылар миллиондаған қаржысынан айырылып жатыр. Оған қоса, Зухра Хакиева, Диана Халметова, Әсем Аубакирова, Арина Байкова, Күмісай Айымбетова және басқа да блогерлердің аты белгілі", –деп жазды ресми орган. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz