Оқушыларға мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлауға тыйым салынады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Халықаралық іздеуде жүрген Қайсар Қамза Вьетнамда қолға түсті

Халықаралық іздеуде жүрген Қайсар Қамза Вьетнамда қолға түсті
ашық дереккөзден. Суретте: Қайсар Қамза

Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Вьетнамның құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде күдікті Камрань қаласында қолға түскен. Операция Интерпол арналары арқылы жүзеге асқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2,4 миллионнан астам оқырманы бар блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноны жарнамалап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартумен айналысқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол осы әрекеттері арқылы 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Қаражат криптовалюта әмияндары арқылы аударылып отырғаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер