"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ванна орнына душқа түсу: Министрлік қазақстандықтарға суды үнемдеу үшін бірнеше ұсыныс жариялады

Ванна орнына душқа түсу: Министрлік қазақстандықтарға суды үнемдеу үшін бірнеше ұсыныс жариялады

Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрмыста суды үнемдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұсыныстарға мыналар кіреді:

– кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды тек толық жүктемемен пайдалану; 

– тісті жуғанда кранды жауып, стақанмен су пайдалану; 

– ванна қабылдаудың орнына қысқа душ қабылдау;

– көкөніс пен жемістерді ыдыстағы сумен жуу; 

– автоматты сенсорлы крандарды қолдану; 

– унитаздарға екі деңгейлі су жіберу жүйесін орнату;

– су ағынын реттейтін арнайы саптамалар (аэраторлар) пайдалану; 

– крандағы ақауларды үнемі бақылап, судың ағуын дер кезінде жою. 

“Бұл ұсыныстарды толығымен қолдану арқылы алты адамнан тұратын бір отбасы жылына 35 мың литрге дейін су үнемдей алады”, – делінген министрліктің хабарламасында. 

Министрлік әзірлеген ұсыныстар көрсетілген баннерлерді жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Қазақстанның барлық өңіріндегі көшелерде, білім беру мекемелерінде, теміржол вокзалдарында, әуежайларда және басқа да қоғамдық орындарда орналастыру жоспарланып отыр.

"Біз тұрмыста суды үнемдеудің маңызын мүмкіндігінше көп адамға жеткізгіміз келеді. Әрбір азамат елдің су ресурстарын сақтауға үлес қоса алады. Министрлік әзірлеген ұсыныстар суды үнемдеу – оңай әрі тиімді екенін көрсетіп отыр. Енді біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, бұл қарапайым тәсілдер туралы Қазақстанның барлық өңіріне жеткізуді көздеп отырмыз",
 – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.